"Бір айда 35%-ға қымбаттады": Қарапайым халық үшін жаңа отандық жеңіл көліктер қолжетімсіз - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бір айда 35%-ға қымбаттады": Қарапайым халық үшін жаңа отандық жеңіл көліктер қолжетімсіз

"Бір айда 35%-ға қымбаттады": Қарапайым халық үшін жаңа отандық жеңіл көліктер қолжетімсіз

Ескі көліктің шамасы жолда қалдырады. Жаңасының бағасы естен тандырады.

  • 5 Қараша
  • 9
Фото: ЖИ ұсынған

Отандық жаңа жеңіл көліктердің де бағасы елімізде едәуір қымбаттады. Сатып алынған автокөліктердің орташа құны қазан айында 35%-ға өсті. Айлық динамика бойынша өсім 3,5 пайыз болды. Көлік құнының қымбаттауы неге әкеп соғуы мүмкін? Сарапшылар не дейді? Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Astana.tv жаңалықтарының мәліметінше, сарапшылар инфляцияның 8,5 процентке дейін шарықтағанын айтқан. Бағадағы үлкен өсім нарықтағы жалпы көліктерде емес, сатып алынған автокөліктерде байқалды. Көлік бағасы қалықтады деуден халық та жалықпады.

Қымбатшылықтың соңы отандық өнімді тұтынушылардың санының азаюына алып келуі мүмкін дейді.

«Ол көліктің мәселесін біз өзіміз түсіне алмай қойдық неге байланысты екенін. Мысалы шетелден келетін көліктер олар тіптен арзан біздің өзіміздегі жинаққа қарағанда. Біз өзіміз жинаймыз, соның өзінде шетелдің дайын көлігіне қарағанда біздің жиналмай тұрған көлік қымбатырақ боп шығып тұр ғой», — дейді автосарапшы Әлішер Аярбеков.

35,3 пайызға өсу елдегі көлік құнының қымбаттауымен ғана емес, тұтынушылардың сұранысынан да болуы мүмкін. Осы тұста импорттық автокөліктердің орташа бағасы бір жылда 2%-ға төмендесе, сатып алынған ескі көліктердің құны 5 процентке арзандаған. 

«Бүкіл мына көліктердің бағасы жоғарылап кетті деп айтуға болмайды, мына, яғни қолданған көлік, яғни second hand, БУ көліктердің бағасы мысалы статистика бойынша 5 пайызға дейін төмендеген екен. Көліктің бағасы өзі қымбат сияқты басқа мемлекеттерге қарағанда. Сондықтан мемлекет көп әрекет жасау керек, бағасын түсіру керек. Өйткені халықтың мынадай қымбат көлікті сатып алуға жағдайы жоқ», — дейді қаржы сарапшысы Бекнұр Досжан.

«Автомобиль құны қымбаттаса қоғамдық көліктердегі тариф бағасы өсіп кетпей ме?» деген сұрақ жаяу жүргендерді мазалайды. Көлік министрлігі олай болмайды деді.

«Көлік бағасының қымбаттауы қызметтік транспорттардың тарифтеріне, яғни, мәселен, поезд билеті құнына және әуе билеті құнына әсер етпейді. Баға бірқалыпты, билет құны өзгермейді. Поезд билеті тарифі бекітілді, сол тарифке сәйкес қала бермек», — деп жауап берді ҚР Көлік министрлігі.

Ескі көліктің шамасы жолда қалдырады. Жаңасының бағасы естен тандырады. Сонда елдегі көлік базасы қашан жаңғырады? Белгісіз.