Бұл дауыс берудің мақсаты сайтты пайдаланушылардың мексикалық Хулио Сезар кіші Чавестің келесі кездесуін кіммен өткізуі керектігі жөніндегі пікірлерін білу болатын. Оның қорытындысы бойынша бәрінен көп дауыс жинаған Головкин — 47 пайыз. Дауыс беруге 26513 адам қатысқан.
Еске сала кетейік, қазақстандық боксшының келесі қарсыласы кіші Чавес болуы мүмкін. Американдық спорттық функционер және Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум бұл жекпе-жектің күзде болуы ықтимал екендігін мәлім етті.