"Етегі түрілмеген қызбын": Балжан Бидаш сүйіктісімен айрылысып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Етегі түрілмеген қызбын": Балжан Бидаш сүйіктісімен айрылысып кетті

"Етегі түрілмеген қызбын": Балжан Бидаш сүйіктісімен айрылысып кетті

"KeshYou" тобының экс-әншісі Балжан Бидашқа сүйіктісі өткен жылдың желтоқсан айында көпшіліктің көзінше "Жыл әні" музыкалық жүлдесі кезінде үйленуге ұсыныс тастаған болатын.

  • 18 Қараша 2020
  • 263
Фото - Caravan.kz


Әнші сүйіктісіне "иә" дегенімен олар айрылысып кеткен.

Бұл туралы Балжан Бидаштың өзі Instagram-дағы парақшасында хабарлады, — деп жазады Caravan.kz медиа порталы.

"2019 жылы экс-жігітім ұсыныс жасады. Мен “Иә” дедім. Ол жігітті сол кезде жақсы көргендіктен, басқа жауап беруім мүмкін емес еді. Алайда, бізде той былай тұрсын, сырға салу, құдалық сияқты жөн-жоралғылар жасалған жоқ. Мен етегі түрілмеген, жат жұрттың табалдырығын аттамаған қызбын. Қазір — басым бос. Экс-жігітіммен әңгімеміз жараспай, отбасы болсақ, ұзаққа бармайтынымызды уақытылы түсінгеніме шүкір деймін. Менің де келін атанғым келеді, сүйікті жар болғым келеді, бұл барлық қыздардың арманв шығар, алайда арада бала дүниеге келіп, ажырасып, өзімізді де, ата-анамызды да бақытсыз қылғанша, сәбилерді толық емес отбасыда өсіргенше, жөн-жоралғы жасалмай тұрып, екіге айырылғанымыз дұрыс болады деп шештім.

Негізі, “Жыл таңдауындағы” сақина мен ұсыныс — шоу үшін, хайп үшін жасалды деп, жалған айтып, құтылсам да болар еді, бірақ сіздерді алдап қайтем?! Шындығым — осы! Бұдан былай осы сұрақпен мазаламауларыңызды сұраймын", — деп жазды әнші.

 

Соңғы жаңалықтар