Жарияланды: 560

Е-үкімет порталындағы ең көп сұранысқа ие қызмет түрі – зейнетақылық төлемдердің түсуі туралы анықтама алу болып тұр

«Электрондық үкімет» порталындағы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ең сұранысқа ие қызмет түрі - зейнетақылық төлемдердің түсуі мен қозғалысы туралы ақпаратты беру, деп көрсетілген ҚР байланыс және ақпарат министрлігінің (БАМ) баспасөз қызметінің таратқан хабарында.

«2011 жылдың бірінші жарты жылдығында осындай анықтаманың 8300 данасы берілген. Салымшы қаржысының түсуі және қозғалысы туралы анықтаманы тиісті жәрдемақы немесе несие алу үшін әкімдіктер мен екінші деңгейдегі банктер сұратып жатады», деп көрсетілген бейсенбі күні таратылған хабарда. Аталған анықтаманы электрондық үкіметтің порталынан тегін және бірнеше минуттың ішінде ала аласыз. Ал, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының тұрғылықты жеріңіздегі бөлімшесінен бұл анықтаманы алу үшін 305 теңге төлейсіз. Бүгінгі күні порталда тұрғындар үшін мемлекеттік қызмет көрсетулердің 70 тен астам түрлері ұсынылуда. Олардың 12 сін Еңбек және халықты әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі ұсынып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін