«Мемлекеттер арасында экономиканың барлық салалары терең интеграцияланған нақты экономикалық қоғамдастық құру, әрине, оңай шаруа емес»,- дейді Беларусь президенті.
«ТМД, ЕурАзЭҚ тәрізді Посткеңестік кеңістікте құрылған басқа да түрлі интеграциялық одақтар аясында біздің елдер өздеріне тиесілі ауқымды әлеуетті біріктірудің мейлінше тиімді жолдарын тынбай іздестіруде»,- деді ол. А.Лукашенко «халықтар мүддесі үшін орнатылған нақты ынтымақтастықтың үлгісі ретінде» Ресей мен Беларусь Одағын атады. «Ендігі жерде ынтымақтастықтың жемістерін елдеріміздің әрбір азаматы, әрбір тұрғыны тез арада сезінуі қажет»,- деді ол.
Сонымен бірге, А.Лукашенконың пайымдауынша, бұл орайда «ЕурАзЭҚ-тың басты мақсаты — бүкіләлемдік жаҺанданған сауда жүйесіне енуге дайындық» екенін де естен шығармаған абзал. «Қоғамдастық аясында сауда саласына қорятын талаптары бірдей боп келетін Бүкіләлемдік сауда ұйымының ерекше шағын үлгісін құру арқылы Достастық елдері сол ұйымның талаптарына ерте бастан бейімделеді»,- деді Беларусь президенті.
Сонымен бірге, «Батыс тарапынан қойылатын жасанды кедергілерді ескере отырып, тауарларымызды Батыс рыногына шығару қиындықтарын есепке алу негізінде біз біртұтас аймақ ретінде ұжымдасып, өзімізге мейлінше қолайлы жағдай жасатып алуға тырысуымыз қажет. Бұл жерде таза ұлттық мүдде деңгейінде шектеліп қалуға болмайды»,- деді А.Лукашенко. Оның пікірінше, «ғаламдық рынокпен қарым-қатынасты тек осындай үлгіде ғана орнату дұрыс. Сонда ғана біз үшін ғаламдық рынокқа шығу — ұлттық экономиканың келешегі бар салалары үшін қауіп-қатер емес, керісінше ынталандыру шарасына айналады».