ЕурАзЭҚ бас хатшысы Қоғамдастық аясындағы интеграциялық процесстерді тереңдетуде БАҚ-тар шешуші роль атқарады дегенге сенімді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕурАзЭҚ бас хатшысы Қоғамдастық аясындағы интеграциялық процесстерді тереңдетуде БАҚ-тар шешуші роль атқарады дегенге  сенімді

ЕурАзЭҚ бас хатшысы Қоғамдастық аясындағы интеграциялық процесстерді тереңдетуде БАҚ-тар шешуші роль атқарады дегенге сенімді

Еуразиялық экономикалық Қоғамдастығы аясындағы интеграциялық процесстерді тереңдетуде БАҚ-тар шешуші роль атқарады. Бұл туралы бүгін, 22-сәуірде Алматыда үшінші Еуразиялық МедиаФорумның ашылуында сөз сөйлеген ЕурАзЭҚ бас хатшысы Григорий Рапота мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Сәуiр 2004
  • 530
Фото - Caravan.kz

Г.Рапотаның атап көрсеткеніндей, Еуразия тақырыбын тарихшылар, журналистер мен саясатанушылар көптен бері зерттеуде. Осыдан 10 жыл бұрын Қазақстан президенті Еуразиялық Одақ құру туралы ұсыныс жасағанда Еуразияшылдық идеясына жаңаша серпін берілді. Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл идеясы 2000-жылы ЕурАзЭҚ-тың құрылуы арқылы жүзеге асты,- деді Г.Рапота.

Қазақстан мен оның басшылығы ЕурАзЭҚ-тың бастамашысы болумен шектелмей, оған белсенді қатысушы да. Ұйым қазір өзінің жұмыс қабілетін көрсете білді,- деді бас хатшы.
Г.Рапота өзі басқаратын ұйымның атауы Форумның атауымен тамырлас, үндес екенін атап өтті. Баспасөз беттерінде интеграциялық процесстерге деген қызығушылық арта түсуде.
ЕурАзЭҚ ұйымының атауы Форум атауымен үндес екенін атап өткен Г.Рапота Еуразиялық МедиаФорум БАҚ-тар мен ЕурАзЭҚ арасындағы ынтымақтастықты дамытуға тың серпін береді дегенге сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар