ЕурАзЭҚ экономикалық сотының функциясын ТМД экономикалық сотының атқаратындығы туралы келісімге қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕурАзЭҚ экономикалық сотының функциясын ТМД экономикалық сотының атқаратындығы туралы келісімге қол қойылды

ЕурАзЭҚ экономикалық сотының функциясын ТМД экономикалық сотының атқаратындығы туралы келісімге қол қойылды

3-наурызда Минскдегі ТМД атқару комитетінде өткен ТМД экономикалық сотының пленумында ЕурАзЭҚ экономикалық сотының функциясын ТМД экономикалық сотының атқаратындығы туралы ЕурАзЭҚ пен ТМД арасындағы келісімге қол қою рәсімі өтті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ТМД атқару комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Наурыз 2004
  • 441
Фото - Caravan.kz

Бұл келісім ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің президенттер деңгейінде қабылданған «ЕурАзЭҚ сотын ұйымдастыру туралы» 2003-жылғы 27-ақпандағы шешімі мен ТМД мемлекет басшылары кеңесінің «ЕурАзЭҚ экономикалық сотының функциясын ТМД экономикалық сотына жүктеу туралы» 2003-жылғы 19-қыркүйектегі шешімдерін жүзеге асыру мақсатында дайындалған.

Сондай-ақ, пленум барысында 2002-жылғы 22-қарашада өткен пленумнан кейінгі кезеңдегі ТМД экономикалық сотының іс-қызметі туралы мәселе қаралып, ТМД экономикалық сотының 2002-жылғы 22-қарашада өткен пленумында қабылданған «ЕурАзЭҚ және басқа да аймақтық қоғамдастықтар аясында пайда болған дау-дамайларды қарау құқығын беру арқылы ТМД экономикалық сотының құзырет аясын кеңейту туралы» қаулының орындалуы , сондай-ақ, ТМД экономикалық сотының мәртебесі туралы 1992-жылғы 6-шілдедегі келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама жобасы жайында талқыланды.

Соңғы жаңалықтар