ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің кезекті отырысы Мәскеуде 7-маусымда өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің кезекті отырысы Мәскеуде 7-маусымда өтеді

ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің кезекті отырысы Мәскеуде 7-маусымда өтеді

АСТАНА. 4-маусым. Kazakhstan Today. ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің кезекті 35-ші отырысы Мәскеуде 7-маусымда өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 4 Маусым 2007
  • 347
Фото - Caravan.kz

«Кездесу барысында тараптар ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің 2006-жылғы 16-тамыздағы мемлекет басшылары деңгейіндегі кездесуінде қабылданған Кедендік одақты құруға қатысты құжаттарды дайындау мен басқа да шешімдерінің орындалу барысын талқылайды»,- деді Е.Ашықбаев.

Оның айтуынша, сонымен қатар бүгін Мәскеуде ЕурАзЭҚ-тың жанындағы тұрақты өкілдер комиссиясының екі күндік отырысы басталды. Оған қатысушылар комиссияның блұған дейінгі 45-ші отырысында қабылданған шешімдердің орындалу жайын талқылайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті