ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің Мәскеуде өткен үкімет басшылары деңгейіндегі мәжілісінде бірнеше келісімге қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің Мәскеуде өткен үкімет басшылары деңгейіндегі мәжілісінде бірнеше келісімге қол қойылды

ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің Мәскеуде өткен үкімет басшылары деңгейіндегі мәжілісінде бірнеше келісімге қол қойылды

ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің Мәскеуде өткен үкімет басшылары деңгейіндегі мәжілісі өз жұмысын аяқтады, отырыс барысында төрт келісімге қол қойылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Мәскеуден.

  • 28 Қазан 2003
  • 388
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің үкімет басшылары кітапхана ісі саласындағы ынтымақтастық туралы, ЕурАзЭҚ-қа мүше елдер аясындағы біртұтас экспорттық бақылау тәртібі туралы келісімдерге қол қойды. Сондай-ақ, бұған дейін қабылданған келісімдерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі екі хаттамаға, атап айтсақ, ЕурАзЭҚ-қа мүше елдер арасындағы сауда-саттықта арнаулы қорғаныс, демпингке қарсы және компенсациялық шаралар қолдану тетіктері туралы хаттама мен жеке тұлғалардың шекарадан тең құқылы әрі еркін өтуіне және олардың тауарлар мен валютаны кедергісіз алып өтуіне жағдай жасау туралы келісімге қол қойылды.

«Келісімдерге қол қою — интеграция деңгейінің тереңдей түскендігін ауыз толтырып айтатындай ахуалға қол жеткізуге мүмкіндік берді»,- деді ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов келісімдерге қол қою рәсімінен кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Соңғы жаңалықтар