ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы тікелей құзырлы нормативтік-құқықтық актілер жобасын жасайды - ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы бюросының жауапты хатшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 520.91
  • 544.25
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы тікелей құзырлы нормативтік-құқықтық актілер жобасын жасайды - ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы бюросының жауапты хатшысы

ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы тікелей құзырлы нормативтік-құқықтық актілер жобасын жасайды - ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы бюросының жауапты хатшысы

ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы тікелей құзырлы нормативтік-құқықтық актілер жобасын жасап қабылдау тәжірибесін енгізеді. Бүгін, 27-мамырда Астанада өткен қысқаша баспасөз мәслихатында ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы бюросының жауапты хатшысы Анатолий Марышев осылай деп мәлімдеді.

  • 27 Мамыр 2004
  • 455
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, «бүгінге дейін нұсқау сипатындағы нормативтік-құқықтық актілер, басқаша айтқанда, модель түріндегі заңдар қабылданып келді». Бұдан былай Парламентаралық Ассамблея заңнамалық негіздерді қабылдайтын болады, «бұл құжаттың модельдік заңнан айырмашылығына келсек , ол ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы қабылдап, ұлттық парламеттер бекіткеннен кейін тікелей әсерлі нормативтік-құқықтық актіге айналады»,- деді А.Марышев.

Оның атап көрсетуінше, ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының бесінші отырысы барысында ЕурАзЭҚ-ның көлік заңнамасының негіздеріне қатысты, сондай-ақ, энергетика және Кедендік Одақтың құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған заңнамалық ұсыныстар қаралады.