Оның айтуынша, 2002-жылдың қараша айынан бері Ассамблея төрағасы міндетін Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Оралбай Әбдікәрімов атқарған. «Ал қазір парламент сенатының жаңа төрағасы — Нұртай Әбіқаев болғандықтан, біз жаңа төраға сайлау мәселесін шешеміз»,- деді А.Марышев. Ассамблея төрағасының лауазымына ұсынылып отырған кандидатуралар туралы сауалға ол «барлығын талқылау қорытындысы көрсетеді» деп жауап берді.
Парламентаралық Ассамблеяның төрағасы екі жыл сайын ауысып отыруы тиіс. ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының төрағасы ұлттық парламенттердің спикерлері арасынан сайланады.