ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының кезекті отырысы 2004-жылғы күзде Санкт-Петербург қаласында өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 520.91
  • 544.25
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының кезекті отырысы 2004-жылғы күзде Санкт-Петербург қаласында өтеді

ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының кезекті отырысы 2004-жылғы күзде Санкт-Петербург қаласында өтеді

ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының кезекті отырысы 2004-жылдың қыркүйек-қазан айларында Санкт-Петербург қаласында өтеді. Бұл туралы бүгін, 27-мамырда ҚР парламенті мәжілісінің депутаты - ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының сыртқы байланыс, қауіпсіздік және аймақтық ықпалдастық жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Ерлан Нигматулин журналистерге хабарлады.

  • 27 Мамыр 2004
  • 353
Фото - Caravan.kz

Е.Нигматулиннің айтуынша, отырыста 7 мәселе қаралады деп күтілуде. Атап айтсақ, Қоғамдастыққа мүше-елдердің мемлекеттік шекаралардағы құқықтық режим мен шекаралық ынтымақтастық мәселелерін реттейтін заңнамалық актілерді үйлестіру жөніндегі Парламентаралық Ассамблея нұсқаулары, сондай-ақ, ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің шекараларындағы кедендік бақылауды жеңілдету жөніндегі нұсқаулар қаралады. Бұған қоса қаржылық-экономикалық қауіпсіздік туралы заңнамалық актінің жиынтық жобасын талқылау жоспарланған. Сондай-ақ, экологиялық қауіпсіздік саласындағы ұлттық заңнамаларды үйлестіру, ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің экономикалық қауіпсіздік және агроөнеркәсіптік кешен қызметі саласындағы заңнамаларын салыстырмалы түрде құқықтық талдау мәселелері бойынша Парламентаралық Ассамблеяның нұсқауларын әзірлеу туралы талқыланады. Сонымен бірге Шанхай Ынтымақтастығы ұйымымен ықпалдастық жөніндегі келіссөздердің қазіргі ахуалы қаралады.