ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының сыртқы байланыс, қауіпсіздік және аймақтық ықпалдастық жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамы өзгерді - kaz.caravan.kz
  • $ 520.91
  • 544.25
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының сыртқы байланыс, қауіпсіздік және аймақтық ықпалдастық жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамы өзгерді

ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының сыртқы байланыс, қауіпсіздік және аймақтық ықпалдастық жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамы өзгерді

ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының сыртқы байланыс, қауіпсіздік және аймақтық ықпалдастық жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамы өзгерді. Бұл туралы бүгін, 27-мамырда ҚР парламенті мәжілісінің депутаты, аталмыш комиссияның мүшесі Ерлан Нигматулин журналистерге хабарлады.

  • 27 Мамыр 2004
  • 556
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, комиссия құрамына Ресей Мемлекеттік Думасының достастық істері және отандастармен байланыс жөніндегі комитетінің төрағасы, РФ қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы хатшысы Андрей Кокошин, Ресей Мемлекеттік Думасының өнеркәсіп, құрылыс, ғылыми сыйымдылығы жоғары технологиялар жөніндегі комитетінің мүшесі, РФ парламентінің төменгі палатасының бұрынғы жетекшісі Геннадий Селезнев енді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін, 27-мамырда Астанада өтіп жатқан ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының бесінші отырысында Ассамблеяның жаңа төрағасы сайланады. 2002-жылдың қараша айынан бері Ассамблея төрағасы міндетін Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Оралбай Әбдікәрімов атқарған. 2004-жылдың наурыз айында сенат төрағасы отставкаға кетуге байланысты бұл орынтақ бос тұр.
Парламентаралық Ассамблеяның төрағасы екі жыл сайын ауысып отыруы тиіс. ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының төрағасы ұлттық парламенттердің спикерлері арасынан сайланады.