ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының жалпы отырысында шекаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланады - kaz.caravan.kz
  • $ 520.91
  • 544.25
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының жалпы отырысында шекаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланады

ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының жалпы отырысында шекаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланады

ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының жалпы отырысында Қоғамдастыққа мүше-елдердің мемлекеттік шекаралардағы құқықтық режим мен шекаралық ынтымақтастық мәселелерін реттейтін заңнамалық актілерді үйлестіру жөніндегі Парламентаралық Ассамблея нұсқаулары қаралады. Бұл туралы бүгін, 27-мамырда ҚР парламенті мәжілісінің депутаты - ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының сыртқы байланыс, қауіпсіздік және аймақтық ықпалдастық жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Ерлан Нигматулин журналистерге хабарлады.

  • 27 Мамыр 2004
  • 327
Фото - Caravan.kz

«Бұл мәселені талқылай отырып біз бірінші кезекте өз елдеріміздегі заңнамаларды үйлестіру жөнінде сөз қозғадық. Үйлестіру нәтижесінде біз республикалар азаматтарының ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдер аумағында еркін жүріп-тұру мүмкіндігіне қол жеткізбекшіміз»,- деді ол.

Сондай-ақ, жалпы отырыста Қоғамдастыққа мүше-елдердің шекараларындағы кедендік бақылауды жеңілдету жөніндегі ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының барша елдер үшін айрықша маңызды нұсқаулары жобасын талқылау көзделген.
Е.Нигматулиннің айтуынша, қазіргі таңда «ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының мүшелері көптеген мәселелер бойынша өзара түсіністікке жылдам қол жеткізуде. Бұл маңызды мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді».