ЕурАзЭҚ пен Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының саммиттерінде интеграциялық бірлестіктерді дамыту перспективалары талқыланады - ҚР президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.84
  • 543.11
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕурАзЭҚ пен Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының саммиттерінде интеграциялық бірлестіктерді дамыту перспективалары талқыланады - ҚР президенті

ЕурАзЭҚ пен Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының саммиттерінде интеграциялық бірлестіктерді дамыту перспективалары талқыланады - ҚР президенті

ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесі мен Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының саммиттерінде интеграциялық бірлестіктерді дамыту перспективалары мен ұйымдарға қатысушы мемлекеттердің ынтымақтастығына қатысты кең көлемді мәселелер топтамасы талқыланады деп межеленген. Бұл туралы бүгін, 18-маусымда Астанада "Еуразиялық интеграция: қазіргі даму ағымдары мен жаҺандану қауіптері" тақырыбына арналған халықаралық конференцияда сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Маусым 2004
  • 720
Фото - Caravan.kz

Мемлект басшысы ЕурАзЭҚ-ын құруда негізінен «Посткеңестік кеңістікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету» мақсаты көзделгенін атап өтті. «Біз әзірге ТМД аумағында толыққанды ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құрдық деп нық сеніммен айта алмаймыз. Дегенмен, алған бағытымыз дұрыс»,- деді Н.Назарбаев.

Елбасы Қазақстанның «Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына да айрықша маңыз беретінін» атап өтті. Қазақстан мемлекет басшысының пікірінше, «бұл ұйымның әлеуеті мен болашақ даму мүмкіндіктері зор».
Н.Назарбаев «интеграциялық бірлестіктердің болашақ табысты дамуына сенім білдіре» отырып, «бұл орайда осындай бірлестіктерді құруда еріктілік принципіне бағынудың маңызын» атап өтті. «Бұны бұрынғы Кеңестік кезеңге қайта оралу деп түсінуге болмайды. Әлем өзгерді, онымен бірге біз де өзгердік. Интеграциялық бірлестікке бірігу туралы шешімді әр ел өз қалауы бойынша қабылдайды»,- дейді Елбасы.
Сонымен бірге, Елбасының айтуынша, «ЕурАзЭҚ идеясы тек экономикалық және саяси интеграцияны ғана емес, сонымен бірге ортақ мәдени-ақпараттық бірлестіктерді де меңзейді». Соған сәйкес, Н.Назарбаевтың пікірінше, алға қойған мақсаттарға қол жеткізуде «оқымысты әлем маңызды роль атқаруы тиіс». «Ортақ стратегияны, интеграциялық бірлестіктерді дамыту мақсатын жүзеге асыру тетіктерін өздеріңіз айқындауға тиіссіздер»,- деді Н.Назарбаев конференцияға қатысушыларға.
Елбасы бұл жолы Астанада «болашақтағы нақты тәжірибелік қадамдарға негіз болатын нұсқаулар жобасын жасауға қажетті жемісті әрі конструктивті диалог өтеді» дегенге сенім білдірді. «ЖаҺандануға ден қойған дүниеде аймақтық интеграциялануға мүмкіндік толық»,- деді Қазақстан президенті.