Жарияланды: 450

ЕурАзЭҚ қаржылық-экономикалық саясат жөніндегі кеңесінің алтыншы отырысы бүгін Мәскеуде өтеді

Астана. 21 қазан. "Қазақстан Бүгін" - ЕурАзЭҚ қаржылық-экономикалық саясат жөніндегі кеңесінің алтыншы отырысы бүгін Мәскеуде өтеді. Бұл туралы кеше журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"Еуразиялық экономикалық қоғамдастық елдеріндегі соңғы жылдардағы макроэкономикалық даму көрсеткіштері мен инвестициялық ахуалды талдау үшін ұйымға мүше мемлекеттердің өкілдері Мәскеуде бас қосады". Ұйымға мүше елдердің қаржы министрлері 2005-2007 жылдардағы макроэкономикалық даму туралы есеп береді. Сондай-ақ, мемлекетаралық мақсатты бағдарламаларды қолдауда және бірлесіп іске асырудағы Еуразиялық даму банкінің мүмкіндіктері талқыланбақ. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін