Дегенмен, Қазақстан мемлекет басшысының пайымдауынша, «Еуразиялық қоғамдастыққа көңіліміз толмайтын тұстар да баршылық. Өйткені, шешімін жедел табуды қажет ететін мәселелерді реттемей, уақыт кешіктіріп алатын жағдайымыз бар». Осы орайда Н.Назарбаев «экономикалық әлеуеті жағынан ең жақын Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина елдері былтырдан бастап Біртұтас Экономикалық Кеңістік құруға кіріскенін» еске салды. «ЕурАзЭҚ пен Біртұтас Экономикалық Кеңістік бір-бірін жоққа шығармайды. Әр ұйым өз алдына, өз жолымен дамып келеді»,- деді Н.Назарбаев. «Бұл ұйымдардың дамуы, меніңше, ТМД аясындағы көп деңгейлі әрі көп қарқынды интеграциялану туралы тезиске мейлінше сәйкеседі»,- деп мәлімдеді Елбасы.
Мемлекет басшысыың пайымдауынша, «болашағынан ең үміт күттіретін ұйым» — Шанхай Ынтымақтастық ұйымы. «Орталық Азия ынтымақтастық ұйымы шеңберінде де біз ортақ рынок құра бастадық. Бұл процестердің барлығы да аймақтық интеграциялану құбылыстарын тереңдетуді көздейді»,- деді Н.Назарбаев.