ЕурАзЭҚ -тың жанындағы қадағалаушы мекеме жетекшілерінің кеңесі біртұтас сақтандыру рыногын құру туралы хаттаманың жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕурАзЭҚ -тың жанындағы қадағалаушы мекеме жетекшілерінің кеңесі біртұтас сақтандыру рыногын құру туралы хаттаманың жобасын мақұлдады

ЕурАзЭҚ -тың жанындағы қадағалаушы мекеме жетекшілерінің кеңесі біртұтас сақтандыру рыногын құру туралы хаттаманың жобасын мақұлдады

Бүгін, 4-қарашада ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің жанындағы сақтандыру саласындағы іс-қызмет және оны қадағалаушы мекеме жетекшілерінің кеңесі Алматыда өткен кезекті ҮІ отырысының барысында біртұтас сақтандыру рыногын құру туралы хаттаманың жобасын мақұлдады. Бұл туралы ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі төрағасының орынбасары Қанат Досмұхамедов баспасөз мәслихатында құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Қараша 2005
  • 547
Фото - Caravan.kz



«Отырыста қаралған ең маңызды мәселе — біртұтас сақтандыру рыногын қалыптастыру жайы болды. ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдердің біртұтас сақтандыру рыногын құру туралы хаттама тұтастай алғанда мақұлданды және биылғы жылдың аяғына дейін оны жан-жақты дәйектейміз деп сенеміз. Ол қоғамдастықтың тиісті органдарына бекітілген тәртіп бойынша бекітуге беріледі»,- деді Қ.Досмахамедов.
Құжатта ЕурАзЭҚ аясындағы біртұтас сақтандыру рыногын құрудың басты бағыт-бағдарлары айқындалады. Атап айтсақ, лицензия беру, міндетті сақтандыру және қайтадан сақтандыру мәселелері дәйектеледі, деді агенттік төрағасының орынбасары. Бұған қоса біріздендіру бағытындағы кезек күттірмейтін жұмыс салалары төңірегінде уағдаластыққа келдік, деді ол. «Бүгін біз ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдерде қайта сақтандыру тәуекелдерін сақтандыру ұйымдарынан қайта сақтандыру ұйымдарына беруде біртұтас талаптар қою және ортақ принциптерге бағыну жөнінде нақты келісімге келдік»,- деді Қ.Досмұхамедов.
Оның айтуынша, біртұтас сақтандыру рыногын қалыптастыру ісінде жауаптардан гөрі сұрақ көп, дейтұрғанмен, принциптік тұрғыда келісім жасалуының өзі маңызды болмақ. Ал рынокты нақты құру мерзімі түгілі, жорамал мерзімін атаудың өзі қазір ерте.
Қ.Досмұхамедовтың айтуынша, кеңеске Қазақстан төрағалық жасаған мерзімде біршама істер тындырылды. «Тең сақтандыру, қайта сақтандыру, лицензия беру, біртұтас мәліметтер қорын құру және мамандық жетілдіру саласы бойынша өзара тәжірибе алмасу мәселелері жөніндегі жұмыс топтары құрылды. ЕурАзЭҚ-қа мүше елдерде сақтандыру саласын мемлекет тарапынан реттеу жүйесіне арнап мамандар оқыту және оларды қайтадан дайындау бағдарламасы жасалып мақұлданды. Қоғамдастыққа мүше елдердің сақтандыру саласын қадағалау мекемелері арасында ақпарат алмасу және сақтандыру нарығындағы ахуалға қатысты статистикалық ақпараттарды ашу туралы тәртіп-ережелер мақұлданды»,- деді орынбасар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта