Сапар бағдарламасында бас хатшының республикамыздың жоғарғы мемлекеттік басшыларымен кездесулері жоспарланған. Кездесулер барысында Қоғамдастық аясындағы интеграциялық ықпалдастықты одан әрі дамытуға қатысты кең ауқымды мәселелер сарапталады. Бұл орайда қазан айының соңында Мәскеуде өтеді деп межеленген ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің үкімет басшылары деңгейіндегі кезекті отырысында талқыланатын мәселелерге баса назар аударылмақшы.
Осы орайда естеріңізге сала кетсек, ЕурАзЭҚ-на Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан республикалары қамтылады. Ал Армения, Молдова және Украина елдері Қоғамдастықта бақылаушы мәртебесіне ие.