ЕурАзЭҚ-ның бас хатшысы жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕурАзЭҚ-ның бас хатшысы жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді

ЕурАзЭҚ-ның бас хатшысы жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді

ЕурАзиялық Экономикалық Қоғамдастығының бас хатшысы Григорий Рапота 20-қазанда қысқа мерзімді жұмыс сапарымен Қазасқтанға келеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ЕурАзЭҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Қазан 2003
  • 374
Фото - Caravan.kz

Сапар бағдарламасында бас хатшының республикамыздың жоғарғы мемлекеттік басшыларымен кездесулері жоспарланған. Кездесулер барысында Қоғамдастық аясындағы интеграциялық ықпалдастықты одан әрі дамытуға қатысты кең ауқымды мәселелер сарапталады. Бұл орайда қазан айының соңында Мәскеуде өтеді деп межеленген ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің үкімет басшылары деңгейіндегі кезекті отырысында талқыланатын мәселелерге баса назар аударылмақшы.

Осы орайда естеріңізге сала кетсек, ЕурАзЭҚ-на Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан республикалары қамтылады. Ал Армения, Молдова және Украина елдері Қоғамдастықта бақылаушы мәртебесіне ие.

Соңғы жаңалықтар