Бұқаралық Ақпарат құралдары — кемеліне келген азаматтың қоғамның ажырамас бір құрамды бөлігі, деді ЕурАзЭҚ бас хатшысы. Біз баспасөзге ашықпыз, сондай-ақ, БАҚ-тармен етене жақын байланыстар орнатумен бірге , өзара ынтымақтастықты тіптен пәрмендендіре түсуге дайынбыз, деді Г.Рапота.
ЕурАзЭҚ туралы ең таңдаулы басылым материалына жариялаған байқауда Михаил Ростовский («Московский комсомолец»), Виктория Панфилова («Независимая газета»), Юрий Киринициянов («Российская газета»-ның Қазақстандағы тілшісі), Дмитрий Огородников (пәкістандық «Дейли Санг-э-мил» газетінің ресейлік өкілдігінің редакторы, Оренбург) сынды журналистер жеңімпаз атанды.