ЕурАзЭҚ-қа біріккен бес мемлекеттің өзара интеграциялану процессін дамытуда баспасөздің маңызы зор - ЕурАзЭҚ бас хатшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕурАзЭҚ-қа біріккен бес мемлекеттің өзара интеграциялану процессін дамытуда баспасөздің маңызы зор - ЕурАзЭҚ бас хатшысы

ЕурАзЭҚ-қа біріккен бес мемлекеттің өзара интеграциялану процессін дамытуда баспасөздің маңызы зор - ЕурАзЭҚ бас хатшысы

ЕурАзЭҚ-қа біріккен бес мемлекеттің, атап айтсақ, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан республикаларының өзара интеграциялану процессін дамытуда баспасөздің маңызы айрықша зор. Ресей журналистер Одағының ЕурАзЭҚ туралы ең таңдаулы басылым материалына жариялаған байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген ЕурАзЭҚ бас хатшысы Григорий Рапота осындай пікір білдірді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ЕурАзЭҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Сәуiр 2004
  • 496
Фото - Caravan.kz

Бұқаралық Ақпарат құралдары — кемеліне келген азаматтың қоғамның ажырамас бір құрамды бөлігі, деді ЕурАзЭҚ бас хатшысы. Біз баспасөзге ашықпыз, сондай-ақ, БАҚ-тармен етене жақын байланыстар орнатумен бірге , өзара ынтымақтастықты тіптен пәрмендендіре түсуге дайынбыз, деді Г.Рапота.

ЕурАзЭҚ туралы ең таңдаулы басылым материалына жариялаған байқауда Михаил Ростовский («Московский комсомолец»), Виктория Панфилова («Независимая газета»), Юрий Киринициянов («Российская газета»-ның Қазақстандағы тілшісі), Дмитрий Огородников (пәкістандық «Дейли Санг-э-мил» газетінің ресейлік өкілдігінің редакторы, Оренбург) сынды журналистер жеңімпаз атанды.

Соңғы жаңалықтар