ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдердің үкімет басшылары Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуге байланысты ортақ ұстанымдарын анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 530.12
  • 546.08
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдердің үкімет басшылары Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуге байланысты ортақ ұстанымдарын анықтады

ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдердің үкімет басшылары Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуге байланысты ортақ ұстанымдарын анықтады

ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдердің үкімет басшылары Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуге байланысты ортақ ұстанымдарын анықтады. Бұл туралы бүгін, 27-ақпанда ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің үкімет басшылары деңгейіндегі 9-отырысы аяқталғаннан кейін өткізілген баспасөз мәслихатында ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Ақпан 2004
  • 442
Фото - Caravan.kz

Қазақстан үкімет бсшысының хабарлауынша, отырыс барысында «Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуге байланысты әр елдер ұстанымын өзара келісу және үйлестіруге» бағытталған құжаттарға қол қойылды. Бұл мәселе бойынша «біз өзара түсіністікке келдік», деді үкімет басшысы. Оның айтуынша, Ресей Федерациясының ұстанымы негіз етіп алынды.

«Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту — әрбір мемлекет талпынатын бағыт-бағдар. Ал біз өзара біртұтас экономикалық кеңістік құру иделогиясына бағынуға уағдаласқандықтан, бұл процесс өзара ортақ ұстанымға сай жүзеге асырылуы тиіс деп санаймыз»,- деді ол.
ҚР үкімет басшысының айтуынша, бүгінгі отырыс барысында ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдердің жұмыс топтары ай сайын «іс-әрекеттерін өзара үйлестіріп, Дүниежүзілік сауда ұйымына бір уақытта мүшелікке өту үшін бірлескен шаралар жоспарымен бөлісіп, өз жоспарларын келісіп отыруға тиіс».