ЕурАзЭҚ-қа қатысушы елдер үшін Бүкіләлемдік сауда ұйымына аймақтық ұйым ретінде мүшелікке өту тиімді - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕурАзЭҚ-қа  қатысушы елдер үшін Бүкіләлемдік сауда ұйымына аймақтық ұйым ретінде   мүшелікке өту тиімді

ЕурАзЭҚ-қа қатысушы елдер үшін Бүкіләлемдік сауда ұйымына аймақтық ұйым ретінде мүшелікке өту тиімді

ЕурАзЭҚ-қа қатысушы елдер үшін Бүкіләлемдік сауда ұйымына аймақтық ұйым ретінде мүшелікке өту тиімді. Бұл туралы ЕурАзЭҚ бас хатшысының орынбасары Серік Пірімбетов "Тәуекелдерді бағалау және басқару негізіндегі кедендік бақылау: қолдану тәжірибесі және даму перспективалары" тақырыбы бойынша ұйымдастырылған семинар-кеңестің қорытындысы бойынша KZ-today тілшісіне берген сұхбатында пікір білдірді.

  • 11 Наурыз 2005
  • 674
Фото - Caravan.kz

С.Пірімбетовтың айтуынша, біртұтас кедендік одаққа біріккен Беларусь, Ресей және Қазақстан сынды елдер Бүкіләлемдік сауда ұйымына қазіргіден артықша қолайлы шартпен мүшелікке өтуге келіссөздер жүргізе алар еді. Сонымен бірге экономикалық әл-ауқат көрсеткіші ретінде 2003-2004-жылғы көрсеткіштер алынар еді. Ал қазір базалық көрсеткіш ретінде 1996-жылғы көрсеткіштер қолданылуда. Ол кезде экономиканың құлдыру көрсеткіші 1991-жылғымен салыстырғанда 36 процентті құраған.

Біртұтас ұйым ретінде Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өтудің тағы бір артықшылығы — Кедендік одаққа мүше елдер аясындағы ішкі кедендік баж салықтарын, кедендік каникулдар мен ауылшаруашылығына арналған дотацияларды белгілеу мүмкіндігіне болмақ. «Бүкіләлемдік сауда ұйымы халықаралық ұйымдар үшін осындай жеңілдіктерге рұқсат береді»,- деді С.Пірімбетов.

Перейти к новостям спорта