Еуразия даму банкінің Ықпалдастықты зерттеу орталығы ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуразия даму банкінің Ықпалдастықты зерттеу орталығы ашылады

Еуразия даму банкінің Ықпалдастықты зерттеу орталығы ашылады

15 маусымда Еуразия даму банкінің Санкт-Петербургтағы филиалында Ықпалдастықты зерттеу орталығы ашылады.

  • 13 Маусым 2011
  • 373
Фото - Caravan.kz

Мамандандырылған талдау орталығы аймақтық экономикалық ықпалдастықты, Кеден одағын, Бірыңғай экономикалық кеңістікті және қаржылық-валюталық ықпалдастықты дамыту мен оның экономикалық әсерлерін зерттемек. Орталықтың ашылу рәсіміне Еуразия даму банкінің Басқарма мүшесі, талдау жұмыстары жөніндегі директор Владимир Ясинский, Ықпалдастықты зерттеу орталығының директоры Евгений Винокуров, Кеден одағы комиссиясының хатшысы, Ықпалдастықты зерттеу орталығы Ғылыми кеңесінің төрағасы Сергей Глазьев қатысады деп жоспарлануда.

Жалпы, Еуразия даму банкін 2006 жылдың қаңтар айында Қазақстан мен Ресей бірлесіп құрған болатын. Оның штаб-пәтері Алматы қаласында орналасқан. Мүше-мемлекеттердің нарықтық экономикасының дамуына және оның орнықты болуы мен сауда-экономикалық байланыстарын тереңдету мақсатын көздейтін халықаралық бұл қаржы институтына қазіргі таңда Қазақстан мен Ресейден басқа, Беларус, Тәжікстан, Армения республикалары мүше. Оның алғашқы өкілдігі 2006 жылы Мәскеу мен Астана қалаларында ашылған еді. Одан кейін өкілдіктер желісіне Душанбе, Ереван, Минск қалалары қосылып, Санкт-Петерборда филиалы бой көтерді.

Соңғы жаңалықтар