Еуразия кеңістігінің географиялық және мағыналық шекарасы әлі нақтыланған жоқ - ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуразия кеңістігінің географиялық және мағыналық шекарасы әлі нақтыланған жоқ - ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры

Еуразия кеңістігінің географиялық және мағыналық шекарасы әлі нақтыланған жоқ - ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры

Еуразия кеңістігінің географиялық және мағыналық шекарасы әлі нақтыланған жоқ.

  • 14 Қараша 2012
  • 442
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Еуразия кеңістігіндегі ықпалдастық үдерістері және заманауи әлем» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтанов мәлім етті.

«Бұған дейін Еуропа одағы — Ресей — Қазақстан пішінінде 5 конференция өткен еді. Әр кездесуде құрамы жаңа қатысушылармен толығып келе жатқан алқалы жиынға осы жолы Тәжістан мен Қытай Халық Республикаларының өкілдері қосылып отыр. Бұл ғылыми ынтымақтастық алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ. Өйткені, Еуразия кеңістігі туралы айтқанда біз әлі Еуразияның географиялық және мағыналық шекарасы қайда екенін нақты анықтамадық», — дейді Б. Сұлтанов.

Болат Қылышбайұлының сөзіне қарағанда, өз әріптестерімен «Еуразиялық құрлықтық ықпалдастық» атты кітап жазған Еуразия даму банкінің Ықпалдастықты зерттеу орталығының директоры Евгений Винокуров осы отырыста Орталық, Солтүстік, Батыс, Шығыс, Оңтүстік Еуразия туралы өз ойларымен бөліспек. Себебі Еуразиялық ықпалдастықтың жақтаушыларымен қарсыластары арасында эмоциялық көзқарас басым. Ал ғылыми әдістер өте аз.

Соңғы жаңалықтар