Алматы қаласы Медеу аудандық прокурорының орынбасары Гүлнар Ахмедиеваның айтуынша, шараға қатысушылар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 373 бабы, 1-тармағының бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу ережелері туралы заңды бұзу жөніндегі көрсеткішін бұзған. Шараға қатысушы басқа адамдар оқиға орнынан кетіп қалды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін, 10-желтоқсанда Еуразия өнеркәсіптік қауымдастығының Алматыдағы ғимаратының жанында өздерінің айтуынша «олигархтардың әрекетінен зардап шеккен» кәсіпорындардың жұмысшылары наразылық акциясын өткізді. Оған республианың бес облысынан өкілдер қатысты. Наразылық шарасына қатысушылар басты мақсатымыз — өз тауқыметтерімізге қоғам назарын аудару, Еуразия өнеркәсіптік қауымдастығының жетекшісі Александр Машкевичпен кездесіп, оған кәсіпорындардағы ахуал туралы мәлімдемені табыс ету болып табылады дейді.