Қол қойылған құжат екі университетке оқытушы — профессорлар құрамы мен студенттер алмасуға мүмкіндік береді, делінген хабарламада. Осыған сәйкес Сеул университетінде қазақ тілі кафедрасын, ал Еуразия Ұлттық университетінде корей тілі кафедрасын ашу межеленген. Екі жоғары оқу орны бірлесе зерттеулер жүргізу, ғылыми және білім беру бағытындағы жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
Астана мен Сеул — бауырлас қалалар.