Орталықтың салтанатты ашылуы Қазақстан мен Беларусь жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары арасындағы ғылыми білім беру консорциумының қызметін үйлестіру жөніндегі жұмыс тобының 2-ші отырысы аясында өтеді. Аталған шараға ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Орынханов пен Беларусь Білім беру министрінің бірінші орынбасары Александр Жук қатыспақ.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 18 мамырында Минск қаласындағы жоғары оқу орындарының бірі Беларусь Ұлттық техникалық университетінде «Абай» атындағы қазақ тілі, тарихы мен мәдениеті орталығы ашылған болатын.