Жарияланды: 450

Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан журналистикасының өзекті мәселелері талқыланады

5 маусым күні ҚР Баспасөз күніне орай Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақстан журналистикасы: өзекті мәселелер» атты дәстүрлі дөңгелек үстел өтеді.

Оған еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен жетекші журналистер шақырылып отыр, деп хабарлайды атамыш жоғары оқу орнының баспасөз қызметі. Сонымен бірге шетелдік ғалымдар, атап айтқанда Түркияның Ыстамбұл университеті Журналистика факультетінің деканы, доктор, профессор Айдемир Окай (Aydemir OKAY) қатысады. Басқосуда қазіргі журналистиканың өте зәру және аса маңызды мәселелерін қарастыру көзделуде. Дөңгелек үстелдің мақсаты - бүгінгі күні өзекті болып отырған заман талабына сай журналист мамандарын сапалы дайындау ісін тиімді жүргізу, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу мәселелерін талқылау. Сонымен қатар саяси институттар жүйесіндегі БАҚ тақырыбы да кеңінен қарастырылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін