Қ.Ыбраеваның айтуынша, университет студенттерінің арасында есірткі тұтыну дерегін анықтау үшін медициналық тестілеу шарасын өткізу туралы шешім 2003-жылдың 3-желтоқсанында өткен ЕҰУ студенттері, магистранттары мен аспиранттарының жалпы жиналысында қабылданған. Мұндай шешім қабылдауға «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Студенттік асханадағы анаша» атты мақала себепкер болды.
Қ.Ыбраеваның хабарлауынша, 2003-жылдың 25-желтоқсанында тексреуден өтуге өз еркімен келіскен 7308 адамды медициналық тестілеу қорытындысы шығарылды. Сондай-ақ, Еуразия Ұлттық Университетінің жастар ісі жөніндегі комитеті ҚР ІІМ-не Университет студенттерінің есірткі тұтыну, сату және сақтауға байланысты ұсталу деректері туралы арнайы сұрау салды. Қ.Ыбраеваның айтуынша, ҚР ІІМ-нің есірткі саудасымен күрес жөніндегі департаментінен келтірілген жауапта соңғы 3 жылда Еуразия Ұлттық Университетінің студенттеріне қатысты аталмыш баптар бойынша қылмыстық іс қозғалу дерегі тіркелмегендігі атап көрсетілген.