Еуразия Ұлттық Университетінің студенттері арасында жүргізілген тестілеу шарасы олардың есірткі тұтыну дерегін анықтай алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуразия Ұлттық Университетінің студенттері арасында жүргізілген тестілеу шарасы олардың есірткі тұтыну дерегін анықтай алмады

Еуразия Ұлттық Университетінің студенттері арасында жүргізілген тестілеу шарасы олардың есірткі тұтыну дерегін анықтай алмады

Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің студенттері арасында жүргізілген тестілеу шарасының қорытындысы олардың есірткі тұтыну дерегін анықтай алмады. Бұл туралы кеше, 12-қаңтарда университет студенттері, магистранттары мен аспиранттарының жалпы жиналысында Еуразия Ұлттық Университетінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы Қымбат Ыбраева мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Қаңтар 2004
  • 440
Фото - Caravan.kz

Қ.Ыбраеваның айтуынша, университет студенттерінің арасында есірткі тұтыну дерегін анықтау үшін медициналық тестілеу шарасын өткізу туралы шешім 2003-жылдың 3-желтоқсанында өткен ЕҰУ студенттері, магистранттары мен аспиранттарының жалпы жиналысында қабылданған. Мұндай шешім қабылдауға «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Студенттік асханадағы анаша» атты мақала себепкер болды.

Қ.Ыбраеваның хабарлауынша, 2003-жылдың 25-желтоқсанында тексреуден өтуге өз еркімен келіскен 7308 адамды медициналық тестілеу қорытындысы шығарылды. Сондай-ақ, Еуразия Ұлттық Университетінің жастар ісі жөніндегі комитеті ҚР ІІМ-не Университет студенттерінің есірткі тұтыну, сату және сақтауға байланысты ұсталу деректері туралы арнайы сұрау салды. Қ.Ыбраеваның айтуынша, ҚР ІІМ-нің есірткі саудасымен күрес жөніндегі департаментінен келтірілген жауапта соңғы 3 жылда Еуразия Ұлттық Университетінің студенттеріне қатысты аталмыш баптар бойынша қылмыстық іс қозғалу дерегі тіркелмегендігі атап көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар