Еуразия университетінің аумағында "Казахстанская правда" газетін сатуға тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуразия университетінің аумағында "Казахстанская правда" газетін сатуға тыйым салынды

Еуразия университетінің аумағында "Казахстанская правда" газетін сатуға тыйым салынды

Астанадағы Гумилев атындағы Еуразия университетінің аумағында "Казахстанская правда" газетін сатуға тыйым салынды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Казахстанская правда" газетінің редакциясынан хабарлады.

  • 4 Желтоқсан 2003
  • 448
Фото - Caravan.kz

Редакциядағылардың атап көрсетуінше, дәл қазір «бұл туралы бұйрық жариялы түрде берілді ме, жоқ па деген мәселе» беймәлім күйінде қалып отыр. Газетті таратуға тыйым салуға оның беттерінде жарық көрген материал себеп болды. Жуырда басылым беттерінде университет аумағында есірткі еркін сатылатындығын баяндайтын мақала жарияланған болатын.

Газет редакциясынан хабарлағанындай, аталмыш дерек бойынша журналистік тексерулерді жалғастыра беру туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан газет редакциясына хат келіп түскен. «Екі министрліктің қолынан келмей отырған іс жалғыз журналистің қолынан келді»,- делінген Елбасының қолы қойылған хатта.
Редакциядан хабарлағанындай, бүгінге дейін университет «Казахстанская правда» газетінің 700 данасын жаздырып, ол оқытушылар мен студенттер арасында тегін таратылатын. «Президенттік бренд болып саналатын газетке еліміздегі ең ірі жоғары білім ошақтарының бірінде тыйым салынып отыр. Қазір біз қатты қысымға ұшырап отырмыз»,- дейді редакция өкілдері. Аталмыш мақалалар жарық көргеннен кейін «редакцияға телефон шалғандар қатары күрт көбейіп, редакцияға келіп газетті уақытша болса да алып оқуды өтінген оқытушылар мен студенттер саны артты»,- деп хабарлайды газет редакциясындағылар .

Соңғы жаңалықтар
Хиджап киюге тыйым салынды
Жаңалықтар 23 Маусым