Еуразиядағы ең ұзын Янцзы өзені арқылы өтетін метроның бірінші желісі ашылды - Қытай - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуразиядағы ең ұзын Янцзы өзені арқылы өтетін метроның бірінші желісі ашылды - Қытай

Еуразиядағы ең ұзын Янцзы өзені арқылы өтетін метроның бірінші желісі ашылды - Қытай

Қытайда Еуразиядағы ең ұзын өзен - Янцзы арқылы өтетін елдегі метрополитеннің бірінші желісі пайдалануға берілді.

  • 29 Желтоқсан 2012
  • 611
Фото - Caravan.kz

«Чайна дейли» газетінің бүгін хабарлауынша, жолаушылары бар бірінші құрамды жаңа желі арқылы жүргізу жұма күні Ухань қаласында (Хубэй провинициясы) болды.

Метрополитеннің жаңа желісі Янцзы өзенінің екі жағалауында орналасқан қаланың екі ірі аудан орталықтарын қосады. Өзеннің астындағы тоннель арқылы орташа жылдамдығы 36 шақырыммен жүргенде үш минуттай уақытты алады, ал желінің жалпы ұзақтығы 27,73 шақырымды құрайды. 21 станса мен желіні салу үшін шамамен 14,9 млрд. юань (2,37 млрд. доллар) жұмсалды.