Еуразиялық банк 200-300 млн доллар көлеміндегі облигациялар мен еуробондтарын орналастыруды кейінге қалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуразиялық банк 200-300 млн доллар көлеміндегі облигациялар мен еуробондтарын орналастыруды кейінге қалдырды

Еуразиялық банк 200-300 млн доллар көлеміндегі облигациялар мен еуробондтарын орналастыруды кейінге қалдырды

Еуразиялық банк 2011 жыл соңына жоспарланған еуробондтар мен рубльдік облигацияларын белгісіз мерзімге кейінге қалдырды.

  • 14 Шiлде 2011
  • 410
Фото - Caravan.kz

«Бастапқыда біз оларды қыркүйек айынан бастап жыл соңына дейін орналастырамыз деп жоспарлаған болатынбыз. Бірақ, қазіргі кезде Еуропада қалыптасқан дезинтеграциялық процестер (…) салдарынан инвесторлардың сұранысы төмендеді. Рыноктан қаржы тартып, бірдеңе істеудің қажеттілігі жоқ қазір. Сондықтан, облигациялар мен еуробондтардың қай кезде орналастырылатынын дөп басып айта алмаймын», — деп сәрсенбі күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында банктің басқарма төрағасы Майкл Эгглтон мәлім етті.

Бұған дейін Еуразиялық банк 2011 жылы 200-300 млн доллар көлеміндегі рубльдік облигациялар мен еуробондтар орналастыруды көздеп отыр деп хабарланған болатын.
Банктің негізгі акционері Eurasian Natural Resources Corporation (ENRC) шикізат холдингінің «Еуразиялық қаржы компаниясы» АҚ (акциясының 99,7%-ы).
2010 жылы «Интерфакс-1000» рэнкингінде Еуразиялық банк активтерінің саны жағынан ТМД банктері арасында 75-ші, Қазақстан банктері арасында 7-ші орынды иеленді.

Соңғы жаңалықтар