Еуразиялық банк биылғы жыл соңында өз активтерін 4-7% арттыруды көздеп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуразиялық банк биылғы жыл соңында өз активтерін 4-7% арттыруды көздеп отыр

Еуразиялық банк биылғы жыл соңында өз активтерін 4-7% арттыруды көздеп отыр

Еуразиялық банк биылғы жыл соңында активтерін 4-7%-ға арттырып, 370-380 млрд теңгеге жеткізбекші. Бұл туралы сәрсенбі күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында банктің басқарма төрағасы Майкл Эгглтон мәлім етті.

  • 13 Шiлде 2011
  • 453
Фото - Caravan.kz

Оның болжамынша, банк 2011 жыл қорытындысы бойынша 4-5 млрд теңге көлемінде таза табыс табуы тиіс.

Бұрын хабарланғандай, 2010 жылы банк активтері 355,6 млрд теңге, таза табысы — 771,4 млрд теңгеге жеткен.
Банктің негізгі акционері Eurasian Natural Resources Corporation (ENRC) шикізат холдингінің «Еуразиялық қаржы компаниясы» АҚ (акциясының 99,7%-ы).
2010 жылы «Интерфакс-1000» рэнкингінде Еуразиялық банк активтерінің саны жағынан ТМД банктері арасында 75-ші, Қазақстан банктері арасында 7-ші орынды иеленді.

Соңғы жаңалықтар