Еуразиялық банктің таза пайыздық кірісі 177% ұлғайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуразиялық банктің таза пайыздық кірісі 177% ұлғайды

Еуразиялық банктің таза пайыздық кірісі 177% ұлғайды

Бүгін Алматыда "Еуразиялық банк" АҚ-ы алғашқы жартыжылдықтың қорытындысын жариялады. Басқарма төрағасы Майкл Эгглтоның айтуынша, алғашқы жартыжылдықта 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда провизияға аударғанға дейінгі операциялық кіріс 83,4 пайызға өсті.

  • 13 Шiлде 2011
  • 510
Фото - Caravan.kz

Кіріске қатысты шығыс 22,2 пайызға кеміп, таза пайыздық маржа 176,5 пайызға ұлғайып отыр.

«Таза табыс 2,270 миллиард теңгені құрады. Былтыр банк алғашқы жартыжылдықта 1,266 миллиард теңге шығын көрген еді. Жаңа клиенттер саны биыл 96,8 пайызға өсіп отыр», — дейді Майкл Эгглтон. Оның сөзіне қарағанда банк активі жыл басынан бері 4,9 пайызға, бағалы қағаздар қоржыны 35,9 пайызға және ҚР Ұлттық банкінде орналастырылған депозиттер көлемі 94,3 пайызға кеміді. Ал қарыз қоржыны 255,7 миллиард теңгені құрап, жарты жылда 8,7 пайызға өсіп отыр.

Соңғы жаңалықтар