Еуразиялық экономикалық интеграция ДСҰ ұстанымдарына негізделген - В.Путин
Еуразиялық экономикалық интеграция Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) ұстанымдарына негізделген. |
Бұл туралы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Брюссельде өтіп жатқан «Ресей-Еуроодақ» саммитінің жалпы отырысында мәлім етті.
«Біздің қатынастарымыздағы маңызды фактор Ресей, Беларусь және Қазақстанның еуразиялық экономикалық интеграциясы болмақ. Біз сіздерді осы интеграциялық бірлестікті құру жұмысы барысында үнемі хабардар етіп отырдық. Бізде бұл жұмыс және осы бірлестік тұтастай ДСҰ ұстанымдарында құрылғанын тағы да еске салғым келеді», - деді В.Путин өзінің еуропалық әріптестеріне.
Сонымен қатар ол ДСҰ-ның ережелерін Ресейдің ғана емес, Қазақстанның да, Беларустің де экономикалық өміріне енгізу 170 миллион адам бар жалпы нарықта еуропалық шаруашылық субъектілерінің жұмысын жеңілдетеді, деп атап өтті.
Келіссөздер барысында екіжақты қатынастардың кең ауқымды мәселелері, атап айтқанда, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жай-күйі, энергетика саласындағы өзара іс-қимыл, «Жаңарту үшін әріптестік» бастамасын дамыту, Ресей мен Еуроодақ арасында визасыз режим енгізу перспективалары, сондай-ақ өзекті халықаралық проблемалар талқылануда.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін