Бұл туралы РФ Президенті Владимир Путин ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырыстарының қорытынды брифингісінде мәлім етті.
«Еуразиялық экономикалық интеграция — бұл біздің әрбір мемлекетіміздің саналы түрде дербес және егеменді таңдауы. Бастысы, 2015 жылға дейін Еуразиялық экономикалық одақ құру үшін барлық қажетті жұмыстарды атқару керек», — деп атап өтті РФ басшысы.
«БЭК осы мақсатқа қол жеткізу жоспарын жасады. Үш елдің үкіметтеріне осы бағытта белсенді жұмыс жасауға тапсырма берілді. 2013 жылдың 1 мамырына дейін аталған жоспарды қабылдап, ал 2014 жылғы мамыр айына шейін қол қоюға келісім-шарт жобасы ұсынылуы қажет. 2015 жылдың 1 қаңтарында құжат күшіне енуі тиіс», — деді В Путин.
Оның атап өтуінше, еуразия кеңістігіндегі көпжоспарлы интеграция қарқын алып келе жатқанын бүгінгі келіссөздер қуаттап отыр, ең бастысы, ол оң нәтижелер әкелуде. Ресей басшысы КО жұмыс істеп тұрған кезеңде өзара тауар айналымы едәуір өскенін атап өтті.