Еуразиялық энергетикалық корпорация - «Парыз-2012» байқауының лауреаты
«Еуразиялық энергетикалық корпорация» (ЕЭК) «Парыз-2012» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша республикалық байқауында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» аталымында лауреат атанды, |
деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметінен.
Компания салауатты өмір салтын дамыту және қолдау бойынша жобасын - Павлодар облысындағы Ақсу қаласының Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы спорт сарайын салуды ұсынды. Кешенді салуға жұмсалған қаражат бір млрд. теңгеден асты. Бұл спорт кешені ENRC және Павлодар облыстық әкімдігінің арасында денсаулық сақтау, білім, мәдениет және спортты дамытуға, аймақтағы тұрғындардың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында салынды. Жаңа жабдықталған спорт кешені Павлодар облысының балансына берілді.
«Еуразиялық энергетикалық корпорациясы, ENRC тобының барлық кәсіпорындары сияқты балаларымыздың болашағына қамқорлықпен қарауда. Барлығымыз жас ұрпағымыздың дені сау әрі бақытты болғаны қалаймыз. Өйткені балалар - біздің болашағымыз», - деп атап өтті ЕЭК-ның президенті Әбдуәзім Рүстембаев.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін