Euro Pack Қарағанды облысында құны 150 млн теңгенің қаптау материалдар өндірісін іске қосты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Euro Pack Қарағанды облысында құны 150 млн теңгенің қаптау материалдар өндірісін іске қосты

Euro Pack Қарағанды облысында құны 150 млн теңгенің қаптау материалдар өндірісін іске қосты

"Euro Pack" ЖШС Қарағанды облысында қаптау материалдары өндірісін іске қосты.

  • 15 Маусым 2011
  • 533
Фото - Caravan.kz

Бұл жоба Қазақстанның ілгерілемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберіндегі Индустриаландыру картасына енгізілді, деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жоба құны 150 миллион теңге. Өндіріс қуаттылығы — жылына 23 мың бұйымды құрайды. Келешекте шығарылатын өнім көлемін 20-30%-ға арттыру жоспарланған. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жобаға мемлекет тарапынан қаржылық қолдау көрсетілуі компанияға швейцариялық NETSTAL фирмасының жаңа қондырғысын сатып алуға мүмкіндік берді.
«Қаптау материалдарын қолдану тағам өнеркәсібінің ауыз су мен өсімдік майын сақтау және таратуға арналған бес литрлік ыдыстарға артып отырған сұранысын айтарлықтай қанағаттандыруға мүмкіндік береді», — деп облыс әкімі серік Ахметов кеше өндірісті іске қосу кезінде атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар