«Еуро-2012»: Бүгін Қазақстан құрамасы Бельгиямен ойнайды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Еуро-2012»: Бүгін Қазақстан құрамасы Бельгиямен ойнайды

«Еуро-2012»: Бүгін Қазақстан құрамасы Бельгиямен ойнайды

Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы «Еуро-2012» чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы кезекті ойынын елордадағы «Астана-Арена» стадионында Бельгиямен өткізеді. Біздің команданың бұл іріктеу турниріндегі үшінші матчы.

  • 8 Қазан 2010
  • 544
Фото - Caravan.kz

Жерлестеріміз бірінші кездесуін қыркүйектің 3-і күні елордада Түркия құрамасымен өткізіп, 0:3 есебімен ұтылып қалған болатын. Одан кейін қыркүйектің 6-сында сырт алаңда 0:2 есебімен Австрияға есе жіберді. ФИФА-ның соңғы жариялаған рейтингі бойынша, Бельгия құрамасы 62-інші, ал Қазақстан құрамасы 126-ыншы орында тұр. Бүгінгі матчта біздің команда жанкүйерлер көңілінен шыуға тырыспақ. Кеше Астанада баспасөз мәслихатын өткізген Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы, неміс маманы Бернд Шторк: ««Біз осында келгенімізге қуаныштымыз. Біз алдағы матчтың фавориттері емес екенімізді білеміз. Австрия құрамасы — немістердің бундеслигасында өнер көрсететін өте жас ойыншылардан құралған мықты команда. Дегенмен біз тек қорғаныста жатып алмай, шабуылға шығып, тамаша ойын көрсетуге тырысамыз», — деді .

Бүгін сондай-ақ біздің топта Германия- Түркия және Австрия-Әзербайжан құрамалары өзара шеберлік байқасады. Айта кетейік, 2012 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында біздің команда биыл Оңтүстік Африка Республикасында өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері Германиямен, сондай-ақ Түркия, Бельгия, Австрия және Әзірбайжан командаларымен бірге «А» тобында сынға түсуде.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера