«Еуро-2012» чемпионатының ширек финалының нәтижелері: Францияны 2:0 есебімен ұтқан Испания жартылай финалда Португалиямен кездеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Еуро-2012» чемпионатының ширек финалының нәтижелері: Францияны 2:0 есебімен ұтқан Испания жартылай финалда Португалиямен кездеседі

«Еуро-2012» чемпионатының ширек финалының нәтижелері: Францияны 2:0 есебімен ұтқан Испания жартылай финалда Португалиямен кездеседі

-Донецкіде футболдан «Еуро-2012» Еуропа чемпионатының үшінші ширек финалдық ойыны өтті.

  • 24 Маусым 2012
  • 407
Фото - Caravan.kz

Бұл кездесуде «С» тобының жеңімпазы — Испания құрамасы мен «Д» тобында екінші орын алған Франция құрамасымен кездесті.

Қазіргі Еуропа чемпионы — испандықтар 2.0 есебімен басым түсті. Сөйтіп олар жартылай финалға шықты.

Бірінші таймда допқа көбінесе испандықтар иелік етті, дегенмен француздар да ауық-ауық қарсы шабуылға шығып отырды. 19 минутта Жорди Альбидің сол жақ қанаттан әуелете берген добын Хаби Алонсо баспен қақпаға дәл бағыттады -1.0. Бұл есеп бірінші таймның соңына дейін өзгерген жоқ.

Ал екінші таймда француздар шабуылды біршама ширатты. 60 минутта Матье Дебюшидің есепті теңестіруге мүмкіндігі де болды. Ол сол жақ қанаттан допты қақпаға бағыттаған болатын, бірақ ол жоғары кетті. Сеск Фабрегас та оңтайлы сәтті жіберіп алды.

Ойын аяқталуға небәрі санаулы уақыт қалғанда француз ойыншысы испандық шабуылшы Педроға қарсы ойын ережесін бұзды. 11 метрлік айып добын Х.Алонсо қақпаға қақырата соқты. Есеп -2.0.

Енді финал үшін Испания Португалимен бақ таластырады. Ал Германия Италия мен Англия құрамаларының жеңгенімен кездесетін болады.

Бүгін Киевте Англия мен Италия командалары арасында соңғы ширек финалдық ойын өтеді.

ҚазАқпарат өз оқырмандарын футболдан «Еуро-2012» Еуропа чемпионатының қорытындылары туралы күнделікті ақпараттандырып отырады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера