«Еуро-2012» екінші күн қорытындысы: Голландия - Дания - 0:1, Германия - Португалия - 1:0 - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Еуро-2012» екінші күн қорытындысы: Голландия - Дания - 0:1, Германия - Португалия - 1:0

«Еуро-2012» екінші күн қорытындысы: Голландия - Дания - 0:1, Германия - Португалия - 1:0

Футболдан «Еуро-2012» Еуропа чемпионатының екінші күні Украинада басталып, Харьков пен Львов жасыл алаңдарында "В" тобындағы Голландия и Дания, Германия мен Португалия құрамалары ойнады.

  • 10 Маусым 2012
  • 499
Фото - Caravan.kz

Екінші күннің бірінші ойыны Харьковтің «Металлист» стадионында өтіп, онда Голландия құрамасы Данияға 0:1 есебімен есе жіберді. Ойынның алғашқы минуттарынан ақ голландиялықтар жасыл алаңда жасындай жарқылдап бірнеше мәрте гол соғуға мүмкіндіктері болған еді. Алайда олар өз мүмкіншіліктерін жіберіп алды. Жан алып, жан беріскен ойынның 24-ші минутында даниялық шабуылшы Микаэль Крон-Дели голландық үш қорғаушыны алдап өтіп, доты қақпаға бағыттады. Қақпашының аяғының арасынан өткен доп торда тулады.

Екінші таймда да барынша белсенділік танытқан голландықтар тағы да бірнеше ұтымды сәтті пайдалана алмады. Есепті Голландия құрамасының капитаны Марк ван Боммела теңестіріп, Ибрагим Аффелла еселеуге мүмкіндігі болғанымен ойын өрнегіне еш өзгеріс енгізілмеді. Даниялықтардың да қарымта шабуылдар кезінде есепті арттыруға мол мүмкіндіктері болды. Бірақ ойынның екінші бөлігінде есеп ашылмады.

Екінші ойын «Львов» аренасында Германия мен Португалия арасында өтіп, «неміс машинасы» өзінің мықтылығын дәлелдеді, есеп — 1:0. Бірінші тайм тартысты өтті. Ал ойынның екінші бөлігінде екі құрама да бір біріне алма кезек шабуыл жасағанымен командалар қателікке бой алдырмауға тырысты. Тек 72-ші минутта Германия құрамасының шабуылшысы Томас Мюллерден тамаша пас алған Марио Гомес қарсылас қақпасына доп соқты.

Ал бүгін «С» тобының бірінші турі өтеді. Гданьск қаласында Испания мен Италия құрамалары бақ сынайды. Ал Познан жасыл алаңында Ирландия мен Хорватия құрамалары кездеседі.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера