Еуро-2012 жанкүйерлер жинаудан рекорд орнатты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуро-2012 жанкүйерлер жинаудан рекорд орнатты

Еуро-2012 жанкүйерлер жинаудан рекорд орнатты

Әлем көз тіккен Еуро-2012 футбол чемпионаты жанкүйер жинаудан турнир тарихында рекорд орнатты, деп хабарлады Укринформ.

  • 25 Маусым 2012
  • 458
Фото - Caravan.kz

Жасыл алаңда өтіп жатқан топтық бәсекелестік жарыстар мен ширек финалдарға ойынды тамашалау үшін шамамен 1,3 млн. жанкүйер (1 млн. 274 мың 186 адам) қатысып, көзайым болды. Бұл туралы «Украина-2012» ақпараттық орталығы хабарлады.

«Еуро-2012 чемпионатындағы стадиондардың орташа сыйымдылығы 45 507 адамға дейін жетеді. Сыйымдылығы ең көп ареналар 1988 жылы Германияда болды, бірақ ол кезде ареналардың жайлы орындары аз болғандығы есебінен, едәуір көп адамды қамтылатын еді. Турнирдің ең ірі ареналарында өтетін келесі 3 матчты есепке алғанда, «Олимпийский» Ұлттық спорт кешеніне 65 мыңға жуық билет сатылды, болжам бойынша Еуро-2012 чеспионатына келетіндердің саны 1 млн. 400 мың жанкүйерден асып кетуі ықтимал», — делінген хабарламада.

Айта кеткен жөн, 2008 жылы Швейцария мен Австриядағы Еуропа чемпионтына спорт сүйер қауымның 1,14 млн. жанкүйері көзайым болған.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера