Еуро-2016: Екі бір де нөл, бір екі де нөл - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуро-2016: Екі бір де нөл, бір екі де нөл

Еуро-2016: Екі бір де нөл, бір екі де нөл

 

  • 13 Маусым 2016
  • 530
Фото - Caravan.kz

Түркия мен Хорватия арасындағы матчта хорваттар қарсыластарының қорғаушыларына ә дегеннен-ақ тыныштық берген жоқ. Олар үсті-үсітен шабуылдаумен болды. Тіпті түріктер екінші минутта-ақ гол кіргізіп ала жаздады. Бірақ олардың да шабуылы осал емес-тін. Алайда хорваттар басымдық танытумен болды. Сөйтіп, олар 41-ші минутта допты қақпаға дәл түсіріп, есеп ашты. Гол соққан Лука Модрич. Одан кейін де екі жаққа да талай тиімді сәттер болғанымен, бірде-бір гол соғылмады.

Түркия – Хорватия – 0:1

 

Польша мен Солтүстік Ирландия арасындағы ойында да екі жақ бір-біріне оңайлықпен берілмейтінін көрсетті. Содан шығар, бірінші таймда небір оңтайлы сәттер болғанымен, ешқандай гол соғылған жоқ. Тек екінші таймның басында ғана есеп ашылды. Поляк Аркадиуш Милик қарсыластарының қақпасына 51-ші минутта доп салды. Бұл жолы да матчтың тағдырын жалғыз гол шешті.

Польша – Солтүстік Ирландия – 1:0

 

Ал Германия мен Украина арасындағы матчта бірінші таймның ортасына жетпей-ақ есеп ашылды. Неміс командасының ойыншысы Шкодран Мұстафи 19-шы минутта баспен гол соқты. Осыдан кейін белсенді ойынға кіріскен украиндар қарсыластарына қаншама қауіп төндіргенімен, Германия футболшылары еш алдырмай қойды. Десе де, Андрей Яломенко гол соқты. Бірақ оны төреші есептемей қойды. Ал немістер қосымша уақытта екінші добын салып үлгерді. Бастиан Швайнштайгер өзіне берілген пасты қалт жіберген жоқ.

Германия – Украина – 2:0