Ойынның бірінші кезеңінде француздар айқын басымдыққа ие болып, қарсылас қақпасына жауапсыз 4 гол салды. Гол авторлары: Оливье Жиру (12-ші минут), Поль Погба (21), Димитри Пайе (42), Антуан Гризманн (45).
Екінші тайм бастала сала Исландия құрамасы шабуылды үдетіп, 56-минутта Колбейн Сигторссон француз қақпасынан саңылау тапты — 1:4.
Алайда, 59-минутта Оливье Жиру дубль авторы атанып, есепті 5:1-ге жеткізді.
84-минутта Биркир Бьярнассон ойындағы соңғы голды салды. Есеп 5:2.
Айта кетейік, Исландия өз тарихында тұңғыш рет Еуропа чемпионатының ширек финалына дейін жетіп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 30 маусымнан бері әр күн сайын «Қазақстан» телеарнасы Еуро чемпионатының ширек финалдық кездесулерін тікелей эфирде көрсетіп келеді. Бұған дейін Португалия, Уэльс және Германия құрамалы жартылай финалға жолдама алған еді.
Франция құрамасы 7 шілде күні Германия құрамасымен ақтық сынға жолдамаға таласады.