Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Қос тарап та ойынның соңына дейін есеп аша алмады.Тек 81 минутта алаңға шыққан Абат Айымбетов араға 7 минут салып, қарсыластар қақпасына бір доп салып үлгерді. Осылайша ол бірнеше ойыншыны оп оңай алдап өтіп, есеп ашты.
Бұдан кейін қалған уақытта қарсыластар қанша тырысып, шабуылдағанымен нәтиже шығара алмады.
Осылайша Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде үшінші ойын қатарынан жеңіске жетіп, тағы да сенсация жасады. Бұған дейін қазақ футболшылары Дания мен Сан-Марино құрамаларынан 3 ұпайдан алған еді. Н тобында Финляндия әзірге бірінші орында тұр. Қазақстан ұлттық құрамасы да 9 ұпаймен екінші орында. Дания мен Словения 7 ұпаймен үшінші және төртінші орындарды өзара бөліскен. Соңғы орыда ешқандай ұпай алмаған Сан-Марино құрамасы.
Келесі ойынын Қазақстан ұлттық құрамасы 7 қыркүйек күні Финляндияға қарсы өткізеді.
