Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақ футболы тарихында алғаш рет ұлттық құрамаға шақырылған ойыншылар тікелей эфир арқылы хабарланды. Әлемдегі көптеген елде мұндай тәжірибе бар.
Ұлттық құрамаға шақырту алған футболшылар тізімі:
Қақпашылар: Игорь Шацкий ("Шахтер"), Данил Устименко ("Қайрат") және Бекхан Шайзада ("Ордабасы").
Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де — "Ордабасы"), Александр Марочкин ("Тобыл"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Абзал Бейсебеков, Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов (бәрі — "Астана"), Марат Быстров ("Ахмат", Ресей), Әлібек Қасым ("Ақтөбе"), Лев Скворцов ("Химки", Ресей), Ян Вороговский ("Моленбек", Бельгия) және Еркін Тапалов ("Қызыл-Жар").
Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат, Аслан Дарабаев, Эльхан Астанов (бәрі — "Астана"), Асхат Тағыберген ("Ордабасы"), Рамазан Оразов ("Тобыл"), Максим Самородов, Арман Кеңесов (екеуі де — "Ақтөбе") және Бахтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей).
Шабуылшылар: Абат Аймыбетов, Владислав Прокопенко (екеуі де — "Астана"), Артур Шушеначев, Вячеслав Швырев (екеуі де — "Қайрат").
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы маусым айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында екі ойын өткізеді. 16 маусым күні Магомед Адиев шәкірттері Пармада (Италия) Сан-Марино құрамасымен ойнаса, араға үш күн сала Белфастта Солтүстік Ирландиямен кездеседі.