Еурокомиссия ішек ауруларының инфекциясы салдарынан орын алған фермерлердің шығындарының 50 пайызына өтемақы беретін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еурокомиссия ішек ауруларының инфекциясы салдарынан орын алған фермерлердің шығындарының 50 пайызына өтемақы беретін болды

Еурокомиссия ішек ауруларының инфекциясы салдарынан орын алған фермерлердің шығындарының 50 пайызына өтемақы беретін болды

Еурокомиссия E. Coli аталған ішек инфекциясының ошақтарына байланысты орын алып отырған фермерлердің шығындарының 50 пайызына өтемақы беруді ұсынып отыр.

  • 9 Маусым 2011
  • 425
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Брюссельде өткен брифингте ауыл шаруашылығы және аграрлық даму жөніндегі еурокомиссар Дачиан Чиолош мәлім етті.

Шенеуніктің айтуынша, «басымдықты міндет — инфекцияның көзін анықтау және оның таралуын тоқтату». «Бірақ та, біз сонымен қатар, осынау дағдарыс салдарынан зардап шеккен еуропалық фермерлерге де тезірек көмектесуіміз керек», — деді Д.Чиолош өз сөзінде.

Осыған орай, Еурокомиссия дағдарыстың салдарын еңсеру жөніндегі төтенше жоспар әзірлеп отыр. Онда фермерлерге 210 миллион еуро көлемінде етемақы бөлу қарастырылған. «26 мамыр мен 30 маусымның аралығында өз өнімдерін базарлардан алдырып тастауға мәжбүр болып отырған қияр, қызанақ, салат, кабақ және бұрыш өндірушілерге осы жоспарға сәйкес 50 пайыз мөлшерінде өтемақы қарастырылып отыр», — деді еурокомиссар.

ҚазАқпарат бұған дейін хабарлағандай, Германияда Роберт Кох атындағы институттың мамандары ондаған адамның өмірін қиған қауіпті инфекцияның көзін анықтау мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар